Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Төреғали Төрәлінің концертін ұйымдастырушылар еңбекақысын ала алмай жүр

    Төреғали Төрәлінің «Tore show» концертін ұйымдастырушылар бір жылдан бері еңбекақысын ала алмай жүр. Продюсер Жан Мұқанов ақпаратты жала деп атады.

    Төреғали Төрәлінің концертін ұйымдастырушылар еңбекақысын ала алмай жүр

    Сурет: madeniportal.kz

    Астаналық Руслан Ташбаев «Tore show» концертін ұйымдастыруға қатысып, еңбекақысын әлі күнге дейін ала алмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, концерттен кейін бір жыл өтсе де, өзіне және әріптесіне тиесілі қаражат толық төленбеген.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Руслан Ташбаев жобада басынан аяғына дейін жұмыс істеген. Ол әншінің Қазақстанның бірнеше қаласында өткен жеке концерттерін ұйымдастыруға қатысқан. Алайда атқарған еңбегі үшін уәде етілген ақшаны толық ала алмаған.

    «Өкінішке қарай, «Tore show» үшін төленуі тиіс ақшамды толық алған жоқпын. Мен ғана емес, Нази есімді әріптесім де еңбекақысын ала алмады. Қазір екеуміз де істеген жұмысымыздың ақысын алу үшін күресіп жүрміз. Продюсерлік орталыққа бірнеше рет хабарластық, бірақ нақты жауап жоқ. Ақшаның қашан төленетіні де белгісіз», – дейді Руслан Ташбаев.

    Оның сөзінше, бастапқыда тараптар ауызша түрде белгілі бір сомаға келіскен. Алайда кейін жіберілген келісімшартта көрсетілген қаражат бастапқы уағдаластықтан өзгеше болған. Соған қарамастан, құжатта жазылған соманың өзі әлі төленбеген.

    Руслан Ташбаев мәселе шешілмесе, сотқа жүгінуге дайын екенін жеткізді.

    Айта кетейік, «Tore show» әнші Төреғали Төрәлінің 33 жасқа толуына орай ұйымдастырылған ауқымды концерттік жоба болатын. Шара аясында өнер иесі Қазақстанның түрлі өңірлерінде жеке концерттерін өткізген.

    Мәселенің мән-жайын білу үшін продюсер Жан Мұқановқа хабарласқан. Алайда ол ресми сұхбат беруден бас тартқан. Сонымен қатар продюсер бұл ақпаратты «жала» деп атап, еңбекақысын талап етіп жүрген адамдарды танымайтынын айтқан.

    Осылайша, концерттен кейін арада бір жыл өтсе де, тараптар арасындағы еңбекақы дауы әлі шешімін таппай отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →