Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады • Мирас пен Құралай төрт қабатты зәулім үйлерін сатылымға шығарды • Ирина Юнусметова Дохадағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады • Мирас пен Құралай төрт қабатты зәулім үйлерін сатылымға шығарды • Ирина Юнусметова Дохадағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды •

    Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

    Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

    Фото: Видеодан скрин

    Қонаев қаласында сот ғимаратындағы шыны есікті әдейі сындырып, қоғамдық тәртіпті бұзған әйел әкімшілік жауапқа тартылды. Сот оған жалпы сомасы 302 мың теңгеден астам айыппұл салды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

    Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2026 жылғы 2 қарашада сағат 16:30 шамасында Алматы облыстық сотының әкімшілік ғимаратында болған. Азаматша Х. кіреберістегі шыны есікті қасақана сындырып, мемлекеттік мекемеге материалдық шығын келтірген. Бұдан бөлек, ғимарат ішінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

    Сот отырысында әйел кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізген.

    Аталған әрекеттер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабының 1-бөлігі (бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру) және 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша қаралды.

    Бұл баптарда 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған. Алайда сот әйелдің кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп, оған бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындады.

    Нәтижесінде, мүлікті бүлдіргені үшін 216 250 теңге, ал ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 86 500 теңге айыппұл салынды. Осылайша, жалпы айыппұл көлемі 302 750 теңгені құрады.

    Сот азаматтарды сот ғимараттарында қоғамдық тәртіпті сақтап, мемлекеттік мекемелер мен айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →