Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «Ордабасы» • Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады • «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды: банк бөлімшелерінде кезек түзілді • Ақмарал Әлназарова: Ташкенттегі футболшы балалардың жағдайы тұрақты • «Жүрегімнен өткіздім»: Дариға Бадықова қатты өзгергенін айтты • Қазақстанның төлем балансы: ағымдағы шот 2,4 млрд доллар профицитпен қорытындыланды • ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «Ордабасы» • Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады • «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды: банк бөлімшелерінде кезек түзілді • Ақмарал Әлназарова: Ташкенттегі футболшы балалардың жағдайы тұрақты • «Жүрегімнен өткіздім»: Дариға Бадықова қатты өзгергенін айтты • Қазақстанның төлем балансы: ағымдағы шот 2,4 млрд доллар профицитпен қорытындыланды •

    ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «Ордабасы»

    2026 жылы ҚПЛ клубтарын жергілікті бюджеттен қаржыландыруға 31,2 млрд теңге бөлінді. Ең көп қаржы «Ордабасыға» – 2,8 млрд теңге.

    ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «Ордабасы»

    Сурет: sport12.kz

    2026 жылы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін футбол клубтарын жергілікті бюджеттен қаржыландыруға 31 млрд 236 млн теңге бөлінген. Бұл туралы «Дядя Ваня» Telegram-арнасы облыстық және қалалық әкімдіктердің мемлекеттік сатып алу порталдарында жарияланған деректерді саралау нәтижесінде хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қаражат көлемі бойынша «Ордабасы», «Елімай» және «Тобыл» алдыңғы қатарға шықты. Бөлінген қаржы негізгі құрамдармен қатар балалар-жасөспірімдер академиялары мен әйелдер командаларының шығындарын да қамтиды.

    Ең көп қаржы Шымкенттің «Ордабасы» клубына қарастырылған – 2 млрд 811 млн теңге. Семейдің «Елімайы» 2 млрд 808 млн теңгемен екінші орында тұр. Екі клубтың қаржыландыру көлеміндегі айырмашылық небәрі 3 млн теңгені құрайды. Үшінші сатыға 2 млрд 693 млн теңге алған «Тобыл» жайғасқан.

    Қалған клубтарға бөлінген қаражат көлемі:

    • «Жетісу» – 2 млрд 613 млн теңге;
    • «Ақтөбе» – 2 млрд 477 млн теңге;
    • «Алтай» – 2 млрд 446 млн теңге;
    • «Атырау» – 2 млрд 400 млн теңге;
    • «Қызылжар» – 2 млрд 126 млн теңге;
    • «Оқжетпес» – 2 млрд 100 млн теңге;
    • «Ұлытау» – 1 млрд 987 млн теңге;
    • «Қайсар» – 1 млрд 871 млн теңге;
    • «Ертіс» – 1 млрд 655 млн теңге;
    • «Каспий» – 1 млрд 500 млн теңге;
    • «Жеңіс» – 999 млн теңге;
    • «Қайрат» – 750 млн теңге.

    Ал «Астана» клубының жергілікті бюджеттен алатын қаржысы көрсетілмеген. Дереккөздің хабарлауынша, елордалық команда Sport Qory қоры арқылы қаржыландырылады. Қордың 2026 жылғы шығындары келесі жылы жарияланбақ. Сондықтан берілген көрсеткіштер клубтардың барлық қаржы көзін қамтымайды.

    Бөлінген қаражат көлемі командалардың чемпионаттағы нәтижесіне тікелей әсер етпегенін де байқауға болады. Мәселен, қаржыландыру бойынша төртінші орында тұрған «Жетісу» маусым қорытындысында Премьер-лигадан шығып қалды. «Қайсар» да жоғары дивизиондағы орнын сақтай алмады.

    Ал чемпиондық атақты «Ордабасы» иеленсе, «Қайрат» күміс, «Астана» қола медаль жеңіп алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →