Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте төрт айлық баланың башпайлары ампутацияланып, комаға түсті • ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «Ордабасы» • Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады • «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды: банк бөлімшелерінде кезек түзілді • Ақмарал Әлназарова: Ташкенттегі футболшы балалардың жағдайы тұрақты • «Жүрегімнен өткіздім»: Дариға Бадықова қатты өзгергенін айтты • Шымкентте төрт айлық баланың башпайлары ампутацияланып, комаға түсті • ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «Ордабасы» • Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады • «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды: банк бөлімшелерінде кезек түзілді • Ақмарал Әлназарова: Ташкенттегі футболшы балалардың жағдайы тұрақты • «Жүрегімнен өткіздім»: Дариға Бадықова қатты өзгергенін айтты •

    Шымкентте төрт айлық баланың башпайлары ампутацияланып, комаға түсті

    Шымкентте төрт айлық баланың башпайлары ампутацияланып, комаға түсті

    Фото: pixabay

    Шымкентте төрт айлық сәбидің аяғындағы башпайлары кесіліп, жағдайы нашарлағаннан жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

    Анасы баланың мұндай жағдайға түсуіне қалалық инфекциялық аурухана дәрігерлерінің салғырттығы себеп болғанын айтып, шағымданды.

    Әйелдің айтуынша, сәбиін ауруханаға тек дене қызуы көтерілгендіктен апарған. Алайда ем қабылдау кезінде баланың жағдайы нашарлап, сепсис пайда болған. Анасы катетер дұрыс қойылмағанын, содан кейін баланың аяғы көгеріп, іріңдегенін мәлімдеді. Ақыры сәбидің бірнеше башпайын кесуге тура келген.

    Қазір төрт айлық бала Алматыдағы жансақтау бөлімінде жатыр. Анасының сөзінше, сәби бір айдан астам уақыттан бері есін жимаған.

    Осы жағдайдан кейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы арнайы комиссия құрып, қызметтік тексеру бастаған. Тексеру қорытындысы бойынша аурухана қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданатыны хабарланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →