Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты •

    Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

    Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов компанияның қазіргі қызметі және стратегиялық міндеттердің жүзеге асырылуы жөнінде баяндады.

    Мемлекет басшысына уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру іс-шаралары жөнінде мәлімет берілді. 

    Бүгінде компания жалпы ауданы 1 мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ауданы 124 шаршы шақырым болатын перспективті Қызылту учаскесін барлауды жоспарлап отыр.

    «Қазатомөнеркәсіп» атом саласындағы жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастықты дамытып, өткізу нарықтарын әртараптандыру арқылы халықаралық деңгейдегі позициясын нығайтып келеді. 

    Биыл Үндістан мен Қытайдың ірі энергетикалық компанияларымен табиғи уран жеткізу жөнінде жаңа келісімшарттар жасалды.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазатомөнеркәсіптің» ядролық отын циклі саласындағы қызметі және 2025-2034 жылдарға арналған даму стратегиясына сай алдағы жұмыс жоспарлары туралы ақпарат ұсынылды.

    Сонымен қатар Мейіржан Юсупов «Қазатомөнеркәсіптің» ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту туралы айтты. 

    Компания уран өндірісінің тиімділігін арттыру және сирек әрі сирек кездесетін ілеспе металдарды алу технологиясын жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуде.

    Бұдан бөлек, компания биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салудың ауқымды бағдарламасы аясында денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларындағы жобаларға 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді.

    Кездесу соңында Мемлекет басшысы ресурстық базаны одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →