Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды •

    Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады

    Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ сараптамасы туыстықты 100 пайызға растады. Ол өз күшімен қызын тапқанын айтты.

    Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады

    Сурет: madeniportal.kz

    АҚШ-та қазақстандық Наташа Қалымбетова көп жылдан бері іздеген қызымен қауышты. Бұған дейін ол жасөспірім кезінде сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеген болатын.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Енді ол ДНҚ сараптамасының қорытындысын жариялап, қызы екеуінің биологиялық туыстығы расталғанын айтты.

    Наташа Қалымбетованың сөзінше, ол ешкімнің көмегіне жүгінбей, АҚШ-қа өз бетімен барып, ұзақ жылдар бойы іздеген қызын тапқан. Кейін екеуінің туыстығын анықтау үшін ДНҚ сараптамасы жасалған.

    «Бүгін ДНҚ сараптамасының нәтижесі шықты. Оның қорытындысы бойынша, туыстығымыз 100 пайызға расталды. Мен бұған дейін де сенімді едім, бірақ қызымның қобалжығаны байқалды», – деді ол әлеуметтік желідегі видеосында.

    Әйел бұл сәтке жету үшін талай қиындықты бастан өткергенін айтып, қуанышын жасырмады.

    «Өмір бойы азап шегіп, қиналдым. Соған қарамастан, ақыры қызыммен қауыштым. Барлығына өз күшіммен қол жеткіздім. Ақыры Америкаға барып, қызымды таптым. Мүмкін емес нәрсенің өзі мүмкін екен», – деді Наташа Қалымбетова.

    Оның айтуынша, қызы әлеуметтік желідегі жарияланымдар мен пікірлерді оқып, анасының басынан өткен оқиғалардан хабардар болып отыр.

    Наташа Қалымбетова қуанышты сәтті өмірден өткен анасының көре алмағанына өкінетінін де жеткізді.

    Еске салайық, бұған дейін ол 17 жасында төрт ауылдасының сексуалдық зорлық-зомбылығына ұшырағанын мәлімдеген еді. Осы мәлімдемеден кейін құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағаны хабарланған.

    Қазір Наташа Қалымбетова қызымен қайта кездесіп, көптен күткен қуанышын бірге атап өтуді жоспарлап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →