Семейде 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: Абай облысы ПД
Семейде 15 жастағы жасөспірім бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр. Ол 31 қазанда үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
1 қарашада Семей қаласының полиция басқармасына 44 жастағы тұрғын кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмектесуді сұрап жүгінген.
Іздестіріліп жатқан жасөспірім – 2011 жылы 10 мамырда дүниеге келген Сейталин Айдар Дамирұлы. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз.
Абай облысының полиция қызметкерлері баланың орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Полиция өкілдері жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат білетін немесе оны көрген азаматтарды «102» нөміріне хабарласуға шақырды.
.
