Ирина Юнусметова Дохадағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Қазақстандық Ирина Юнусметова Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында кіші калибрлі тапаншамен 50 метрден оқ атудан қола жүлдегер атанды.
Сурет: turkystan.kz
Дохада (Катар) өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Ирина Юнусметова қола медальға қол жеткізді. Ол әйелдер арасындағы жекелей сында кіші калибрлі тапаншамен 50 метрден оқ атудан үздік үштікке енді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бұл сында алтын медальді түркиялық Шеввал Илайда Тархан иеленсе, күміс жүлде Армения спортшысы Эльмира Карапетянға бұйырды.
Айта кетейік, Дохадағы нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты 1-14 қараша аралығында жалғасады.
