Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты

    Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты

    Фото: pixabay

    Қостанайда 86 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

    Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қария серуендеп жүрген кезінде кісі қолынан қаза тапқан.

    Қайғылы оқиға 30 қазанда болған. 1940 жылы туған зейнеткер Құбеев көшесіндегі үйінің ауласына серуендеуге шыққан. Тараған ақпаратқа сәйкес, белгісіз біреулер ер адамның тамағын кесіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

    Сондай-ақ тағы бір адамның шабуылға ұшырағаны туралы мәлімет тарады. Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткердің денесі табылғаннан кейін аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, қажетті дәлелдерді жинап жатыр. Сонымен қатар қылмысқа қатысы бар адамды анықтап, ұстау бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

    Полиция тағы бір адамның шабуылға ұшырағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

    «Екінші адамға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», – деп мәлімдеді ведомство.

    Полицияның мәліметінше, күдіктіні іздеу және ұстау жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →