Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • 20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр • Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • 20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр • Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді •

    Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды

    Алматы облысында кроссовер бірнеше көлікпен соқтығысып, тротуардағы жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Полиция қылмыстық іс қозғап, жүргізуші қамауға алынды.

    Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды

    Сурет: видеодан скриншот

    Алматы облысында ауыр жол апаты тіркелді. Кроссовер жүргізушісі бірнеше көлікпен соқтығысып, соңынан тротуардағы жаяу жүргіншілерді қағып кетті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жарияланған кадрларда кроссовердің алдымен артқа қарай жылжыған автокөлікпен соқтығысқаны байқалады. Одан кейін көлік тротуарға шығып, сол маңда жүрген адамдарды, оның ішінде велосипед мінгендерді қағып өткен.

    Ақыр соңында кроссовер жол кептелісінде тұрған тағы бір автокөлікпен соқтығысып барып тоқтаған.

    Алматы облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

    «Полиция қызметкерлері бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу шеңберінде қажетті бастапқы процессуалдық іс-шаралар жүргізілді. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ведомство.

    Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

    Полиция жол апатының барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілетінін және оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →