Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Малик Мұқашев пара таеквондодан Әлем чемпионы атанды

    Муджу қаласында пара таеквондодан өткен Әлем чемпионатында Малик Мұқашев К41 классында 80 келіде жеңімпаз атанды, Қайырғали Юсупбеков қола жүлде алды.

    Малик Мұқашев пара таеквондодан Әлем чемпионы атанды

    Сурет: ernur.kz

    Корея Республикасының Муджу қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара таеквондодан өткен Әлем чемпионатында қазақстандық Малик Мұқашев жеңімпаз атанды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлағандай, жерлесіміз К41 классында 80 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жеңімпаз атанды.

    Күміс жүлдені Саид Сабах Хамид әл-Фаххам (Ирак) иеленсе, қола жүлде Яшар Сами Гокбабаға (Түркия) бұйырды.

    Сонымен қатар аталған додада К41 классында Қайырғали Юсупбеков 63 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені еншіледі.

    Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара таеквондодан Әлем чемпионаты 20-22 қараша аралығында өтті. Жарысқа әлемнің 60 елінен 240-тан астам спортшы қатысты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →