Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 $ 450,0 519,2 5,33
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Бағым Мұхитденова жездесінің Майкл Джексон әніне биін жариялады

    Продюсер Бағым Мұхитденова әлеуметтік желіде жездесі Тұрсын Алагөзовтің Майкл Джексонның Billie Jean әніне билеген видеосын жариялады. Желі қолданушылары жылы пікір білдірді.

    Бағым Мұхитденова жездесінің Майкл Джексон әніне биін жариялады

    Сурет: instagram.com/tursen_alaguzov

    Продюсер Бағым Мұхитденова әлеуметтік желіде жездесі Тұрсын Алагөзовтің Майкл Джексонның танымал әніне билеп жүрген видеосын жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Баян Мақсатқызының жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Майкл Джексонның Billie Jean әніне көңілді би билеген.

    Бағым Мұхитденова видеоны Instagram парақшасына жүктеп: «Менің ақ жездем», – деп жазды.

    Желі қолданушылары Тұрсын Алагөзовтің көңілді биіне жылы пікір білдірген.

    Пікір қалдырғандардың бірі оның биін қолдап, дені сау, бақытты болсын деп жазса, енді бірі видеоны жаңа трендке айналдыруды ұсынған.

    Кейбір қолданушылар Тұрсынның әрекетінен шынайылық пен ақкөңілділік байқалатынын айтып, оның көңілді күйіне тәнті болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →