Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Анкарадағы НАТО саммиті: Ердоған әлем елдерінің басшыларына револьвер сыйлады «Бала тапқандікі емес, баққандікі»: Тұрсынбектің тоқалы жазбасымен жұрттың ашуына тиді Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстаннан заңсыз жолмен 350 мың доллар шығармақ болған шетелдік ұсталды Құны 8,5 млрд теңге:«Қазақмыс» өзіне қатысы бар өңірлерде заманауи спорттық инфрақұрылымдарды дамытпақ Қарағандылық спортшы әлемдік рейтингте 12-орынға көтерілді Анкарадағы НАТО саммиті: Ердоған әлем елдерінің басшыларына револьвер сыйлады «Бала тапқандікі емес, баққандікі»: Тұрсынбектің тоқалы жазбасымен жұрттың ашуына тиді Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстаннан заңсыз жолмен 350 мың доллар шығармақ болған шетелдік ұсталды Құны 8,5 млрд теңге:«Қазақмыс» өзіне қатысы бар өңірлерде заманауи спорттық инфрақұрылымдарды дамытпақ Қарағандылық спортшы әлемдік рейтингте 12-орынға көтерілді

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Сот оны үш ЖКО-ға қатысты деп тапты.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды

Фото: DAZN.COM

Астанада бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Бұған дейін Kozachkov offside телеграм-арнасында боксшының Астанада екі жол-көлік оқиғасынан кейін ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Дереккөздің мәліметінше, Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі апат орнынан кетіп қалған, кейін оның мас екені анықталған.

Полиция екі ЖКО фактісін, 35 жастағы жүргізушінің ұсталғанын және оның мас болғанын растады, бірақ есімін атамады. Қазір тексеру жүргізіліп, нәтижесінде жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сот материалдары бойынша, ол үш жол-көлік оқиғасына қатысқан: жер асты тұрағының қақпа тіреуіне соғылған; Kia Sportage көлігімен соқтығысқан; соның салдарынан Kia Toyota Hilux-қа барып соғылған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика