Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді
Кентау қаласында зауыт аумағындағы сорғы станциясында өрт шықты. ТЖМ бөлімшелері мен ерікті өрт сөндірушілер жедел жетіп, өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Сурет: Видеодан скриншот
Түркістан облысының Кентау қаласында зауыт аумағындағы сорғы станциясында өрт болды. Төтенше жағдай туралы хабарлама түскен бойда оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, «Ащысай» акционерлік қоғамының ерікті өрт сөндірушілері және тиісті қызметтер жедел жетті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Өрт сөндірушілердің мәліметінше, жеке тұрған сорғы станциясының ғимаратында трансформатор майының қалдықтары тұтанған. Өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
