Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджаның Cambodia Vision 2050 және Pentagonal Strategy бағдарламаларын қолдайтынын айтып, жоғары технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға сенім білдірді.
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Камбоджа Үкіметінің Cambodia Vision 2050 және Pentagonal Strategy бағдарламаларында көзделген ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы күш-жігерін қолдайтынын білдірді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Президенттің пайымынша, жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай әлеует бар.
«Сіздің және делегацияңыздың елімізде жасанды интеллектіні дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға қызығушылық танытып отырғандарыңызды білемін. Бүгін Астанадағы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында Қазақстанның осы салада қол жеткізген табыстарымен және негізгі әзірлемелерімен таныса аласыз. Еліміз БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексіне сәйкес, барлық бағытта оң динамика көрсетіп келеді. Ортақ ниет пен берік саяси ерік-жігер болса, өзара мүддемізге сай келетін көптеген бағыт бойынша ынтымақтастық аясын кеңейте алатынымызға сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
