Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды •

    Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты

    Астанадағы жүзуден әлем кубогының қорытынды кезеңінде Глеб Коваленя мен Ғалымжан Балабек ұлттық рекорд орнатып, алты қазақстандық финалға жолдама алды.

    Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты

    Сурет: olympic.kz

    Астанада өтіп жатқан жүзуден әлем кубогының қорытынды кезеңінде Қазақстан спортшылары екі ұлттық рекорд жаңартты. Бұған қоса, ел құрамасының алты мүшесі финалға жолдама алды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    50 метрге еркін стильде жүзуде Глеб Коваленя үздік нәтиже көрсетті. Ол қашықтықты 21,31 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын 0,04 секундқа жақсартты. Осы жетістігінің арқасында спортшы финалға өтті.

    Тағы бір рекордты Ғалымжан Балабек тіркеді. Ол 400 метрге еркін стильде жүзуде 3 минут 46,87 секунд нәтиже көрсетіп, бір апта бұрын Ташкенттегі әлем кубогының кезеңінде өзі орнатқан ұлттық рекордты жаңартты.

    100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин мен Максим Сказобцов финалға жолдама алды. Мусин 51,42 секунд көрсетсе, Сказобцов 51,53 секунд нәтижемен іріктеуде сегізінші орын иеленді.

    Ал 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Айбат Мырзамұратов 2 минут 7,15 секунд нәтижемен бесінші орынға тұрақтап, шешуші кезеңге өтті.

    Егор Попов 100 метрге кешенді жүзуде 54,64 секунд көрсеткіш тіркеп, финалға шығу мүмкіндігін иеленді.

    Әйелдер арасында Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 58,55 секунд нәтиже көрсетіп, жүлде үшін таласатын спортшылар қатарына қосылды.

    Осылайша, 16 қазандағы іріктеу жарыстарының қорытындысында Қазақстан құрамасының алты жүзушісі финалға шықты.

    Шешуші жарыстар 16 қазанда Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →