Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты •

    Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады

    Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады
    Фото; x.com/WorldBoxingOrg

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) Дания өкілі Якоб Банкпен (20-0, 11 KO) жұдырықтасады. Бұл кездесуде екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы белбеуі сарапқа салынады. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жекпе-жекті Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми түрде растады. WBO әлеуметтік желідегі парақшасында екі боксшының чемпиондық белбеу үшін кездесетіні туралы мәлімдеді.

    «Келісім жасалды! Әлімханұлы мен Банк екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл қарсыластықтан не күтуге болады?» – делінген ұйымның жазбасында.

    Бұған дейін WBO екі боксшының командасына жекпе-жекті өткізу жөнінде келісімге келу үшін 7 қазанға дейін уақыт берген еді. Чемпиондық белбеу британдық Хамза Шираздың Жәнібек Әлімханұлымен кездесуден бас тартып, титулды босатуына байланысты иесіз қалған.

    Осылайша, қазақстандық боксшы тағы бір әлем чемпионы атағын иеленуге мүмкіндік алды. Оның қарсыласы Якоб Банк те кәсіпқой мансабында әзірге жеңіліп көрмеген. Дат боксшысының еншісінде 20 жеңіс бар, оның 11-і нокаутпен аяқталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →