Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді • Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді • Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты •

    Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

    Камбоджа Премьер-министрі Хун Манет Қазақстанға ресми сапары үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, энергетика мен электронды үкімет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді.

    Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

    Фото: Ақорда

    Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манет Қазақстанға ресми сапармен шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жылдан асқанын атап өтті. Бұл жөнінде Ақорда мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Кездесу барысында тараптар саяси диалогты, сауда-экономикалық байланыстарды және көпжақты алаңдардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

    Хун Манеттің сөзінше, екі ел энергетика саласындағы ықпалдастықты тереңдетіп, өзара тиімді бағыттарды айқындай алады. Сонымен қатар Камбоджа Қазақстанның электронды үкімет саласындағы жетістіктері мен озық әзірлемелеріне қызығушылық танытып отыр.

    «Бүгін энергетика секторындағы ықпалдастықты тереңдету мүмкіндігі туып отыр деп ойлаймын. Ведомстволарымызға өзара мүдделі бағыттарды анықтауды тапсыра аламыз. Қазақстан электронды үкімет бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізді әрі озық әзірлемелерге ие. Біздің министрліктеріміз осы салада тәжірибе алмасуға қызығушылық танытып отыр», – деді Камбоджа Премьер-министрі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →