Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Алматының бұрынғы урбанистика басшысына жаңа үкім шықты • Омбыда қазақстандық жүргізуші 27 млн теңгелік темекімен ұсталды • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Алматының бұрынғы урбанистика басшысына жаңа үкім шықты • Омбыда қазақстандық жүргізуші 27 млн теңгелік темекімен ұсталды •

    Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

    Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында мас күйінде көлік басқарған ер адам 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы жүргізушілік құқығынан айырылды.

    Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

    Сурет: Изображение сгенерировано ИИ

    Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында ер адам мас күйінде көлік басқарғаны үшін бір жыл тоғыз айға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болатын, деп хабарлады облыс прокуратурасы.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ер адам алкогольдік масаң күйде қайтадан Nissan Patrol көлігін басқарған. Ол Қостанай — Қарабұтақ тас жолымен Валерьяновка ауылының маңында Лисаковск бағытында келе жатқан.

    Оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен — жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын мас күйінде басқаруы бойынша сараланды.

    «Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, оған ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жаза өтеу түріндегі 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — делінген прокуратура хабарламасында.

    Сонымен қатар сот ер адамды өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырды.

    Аудан прокуратурасы жүргізушілерді жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырып, көлік тізгініндегі алкогольдің басқа қозғалыс қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →