Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Алматының бұрынғы урбанистика басшысына жаңа үкім шықты • Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Алматының бұрынғы урбанистика басшысына жаңа үкім шықты •

    Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия ғылым академияларының президенттері бас қосып, ғылыми ынтымақтастықты нығайтуды талқылады.

    Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты

    Сурет: turkystan.kz

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы келген Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия ғылым академияларының президенттері оқу ордасының ғалымдарымен кездесті. Жүздесуге Халықаралық түркі академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев, оқытушы-профессорлық құрам мен жас зерттеушілер қатысты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Шараны ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ашып, түркі әлемі Ғылым академияларының басшыларына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде ректор ҚазҰУ-да түркі халықтарының ортақ тарихи және мәдени мұрасын зерттеуге ерекше мән берілетінін атап өтті.

    «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да түркология ғылымын дамытуға арналған халықаралық конференциялар мен семинарлар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Жуырда университет қабырғасында Баку құрылтайының 100 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтті. Бүгінде түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру аса маңызды. Осы ретте ортақ ғылыми мақсаттарды айқындап, бірлескен зерттеулерді үйлестіретін арнайы ғалымдар тобын құру қажет деп санаймын», – деді ректор.

    Жансейіт Түймебаев ортақ жобаларды бірлесіп әзірлеп, жүзеге асыру қажеттігін жеткізді. Ректордың айтуынша, мұндай бастамалар ғылыми ынтымақтастықты кеңейтіп, түркология саласындағы зерттеулердің дамуына тың серпін береді.

    Сөз соңында оқу ордасының басшысы түркі әлемі Ғылым академияларының президенттерін «Фараби» алтын медалімен марапаттады.

    Өз кезегінде Түркия ғылым академиясының президенті Шекер Музаффер ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуетін жоғары бағалады.

    «Түркі әлемі Ғылым академияларының мақсаты бір. Сондықтан баршамыз бірігіп, ортақ құндылықтарды сақтай отырып, әріптестік байланысты тереңдетуіміз қажет. Қазір жаңа технологияның дәуірі. Сондықтан жасанды интеллект саласындағы серіктестігімізді арттыру керек», – деді Шекер Музаффер.

    Кездесу барысында Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолия ғылым академияларының басшылары сөз сөйлеп, ғылыми байланыстарды нығайтуға және өзара ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →