Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қос президент Түркияда Қазақстан салған Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектепті ашты

    Қос президент Түркияда Қазақстан салған Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектепті ашты

    Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркиядағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектепті салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Жаңа білім ордасы Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2023 жылғы ақпанда Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Нұрдағы кентінде бой көтерген.

    Жобаны «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ-ның қаржылай қолдауымен «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі жүзеге асырды. Бұл жоба Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық байланыстар мен өзара қолдаудың тағы бір жарқын көрінісі болып саналады.

    Фото: 24.kz/kz

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →