Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын 28 қазанда түске дейін жасайтынын мәлімдеді. Президент құжат мәтінімен жұмыс істеп жатқанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа жолдауының күнін жариялады. Мемлекет басшысы бұл туралы өзі хабарлап, жолдауды 28 қазанда түске дейін оқитынын айтты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауымды 28 қазанда түстен бұрын жасауды жоспарлап отырмын. Осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын», — деді президент.
