Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдап, 2026 жылғы есепті тыңдады Шерхан Аймахан өмірбойына сотталды Әкімдіктің бақылаусыздығы: Қарағандыдағы Дүйсембеков көшесі қоқыс алаңына айналды Хиджабтағы әйел көшеде қыздарға тиісіп, «түрмеде шірітемін» деп қорқытқан Ішкі сұраныстан әлемдік нарыққа: Қазақстан тыңайтқыш экспорттаушы елге айналады Еліміз жаңа технологиялардың арқасында жылына 2,2 млрд текше метр су үнемдемек Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдап, 2026 жылғы есепті тыңдады Шерхан Аймахан өмірбойына сотталды Әкімдіктің бақылаусыздығы: Қарағандыдағы Дүйсембеков көшесі қоқыс алаңына айналды Хиджабтағы әйел көшеде қыздарға тиісіп, «түрмеде шірітемін» деп қорқытқан Ішкі сұраныстан әлемдік нарыққа: Қазақстан тыңайтқыш экспорттаушы елге айналады Еліміз жаңа технологиялардың арқасында жылына 2,2 млрд текше метр су үнемдемек

    «Кіші ұлым тіркелген»: Ләйлә Сұлтанқызының ұлы әнші Сәкен Майғазиевтің ақылы тойын онлайн көрмек

    «Кіші ұлым тіркелген»: Ләйлә Сұлтанқызының ұлы әнші Сәкен Майғазиевтің ақылы тойын онлайн көрмек

    Фото: @sultankyzy инстаграм парақшасынан

    Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы еліміздегі онлайн тойлардың өтуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    БАҚ өкілі тойдың өзгеше дамуы креатив деп баға берді.

    “Сәкеннің ұлының онлайн тойына байланысты түрлі пікір болып жатыр. Мынадай деректі бөліскім келеді. Менің кіші ұлым осыдан бірнеше жыл бұрын америкалық әншінің концертіне онлайн билет алып, ақылы тіркелген. Бір компьютерлік ойынды көру үшін ақылы тіркелген. Сәкен – қазақтың біртуар азаматы. Қоғамға қосып жүрген еңбектерін жақсы білемін. Біздің қорға да ақша беріп, көмектескен. Қуанышты бөліссең көбейеді деген. Егер сұраныс болып тұрса, заң бұзылмаса, адам құқығы тапталмаса салық төленсе, бұл – креатив идея. Оның үстіне ұр да жық, талас, ойын, стримдерді сатып алып, көріп жүрген заманнанбыз ғой”, – деді Ләйлә. 

    Айта кетейік, өнер иесі 1380 теңгеге ұлының тойын онлайн көруге болатынын жеткізген еді. Бұған дейін Майғазиевтер әулеті маңғыстаулықтармен құда болып жатқанын жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →