Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Президент Әлихан Смайыловты қабылдады Суррогаттың тамырына балта шабылды: «Дала қырандары» 1,5 миллион литрден астам заңсыз алкогольді айналымнан шығарды «Қатты қорықтым»: Мөлдір Мұқан жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты (ВИДЕО) Конституциялық Сот шешімі Президент өкілеттігінің мерзіміне қатысты құқықтық айқындық орнатты — саясаттанушы «Қазақмыс» жұмыскерлер игілігіне арналған нысандарды кезең-кезеңімен жаңартпақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы Президент сайлауына қатыса алады Президент Әлихан Смайыловты қабылдады Суррогаттың тамырына балта шабылды: «Дала қырандары» 1,5 миллион литрден астам заңсыз алкогольді айналымнан шығарды «Қатты қорықтым»: Мөлдір Мұқан жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты (ВИДЕО) Конституциялық Сот шешімі Президент өкілеттігінің мерзіміне қатысты құқықтық айқындық орнатты — саясаттанушы «Қазақмыс» жұмыскерлер игілігіне арналған нысандарды кезең-кезеңімен жаңартпақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы Президент сайлауына қатыса алады

Инвестиция тарту жұмысын күшейтпесек, заман ағымынан кеш қаламыз – президент

Инвестиция тарту жұмысын күшейтпесек, заман ағымынан кеш қаламыз – президент

Бізге сапалы инвестиция қажет дейді Тоқаев

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке инвестиция тарту жұмысын күшейтіп, жауапкершілігі жоғары инвесторларға қосымша жеңілдіктер беру мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Qazaq.today.

«Үкімет инвестиция саласындағы жұмысты күшейтуі қажет. Басқа жол жоқ. Әйтпесе, инвестиция нарығындағы бәсекелестік қызып тұрған кезеңде заман ағымынан кеш қаламыз. Бізге сапалы инвестиция қажет екені анық. Озық технологияға негізделген және сыртқы нарыққа арналған жобаларды әдетте шетел инвесторлары ұсынады», — дейді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, былтырғы 9 айда елімізге 12,7 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылған. Бұл 2023 жылдың дәл сондай кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға аз. Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тікелей шетел инвестициясын тарту қарқыны төмендеген. Ал жеке инвестицияның азаюы бюджет есебінен өтеліп жатыр.

«Бірақ мұндай шарамен ұзаққа бара алмаймыз. Қазір бюджет тапшылығы бар екенін білесіздер. Сондықтан сапалы инвестиция әкелетін жауапкершілігі жоғары инвесторларға қосымша жеңілдіктер беру мәселесін қарастырған жөн. Мұндай саясат менің ел экономикасын ырықтандыру туралы стратегияма толық сай келеді. Бұл – маңызды сәт», —  деді президент.

Тоқаевтың айтуынша, Үкімет инвесторды іздеуге, қолдауға және қорғауға қатысты жұмыстың бәрін жүйелі жүргізетін біртұтас экожүйе құруы қажет. Бұл жұмыс барлық деңгейде, яғни аймақта, орталықта және шетелде бірдей атқарылуы керек.

«Осы орайда шетелдік және отандық инвесторларға қатысты ұстаным бірдей болуы қажет. Мемлекеттің қолдауына ие болған компанияларға тиісті талап қойылуы керек. Олар жұмыс орындарын сақтауға, өндірісті жаңғыртуға тиіс. Сонымен бірге экология талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті», — деп мәлімдеді ол.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика