Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • 97 жастағы онколог ұзақ өмірдің екі құпиясын атады • Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • 97 жастағы онколог ұзақ өмірдің екі құпиясын атады • Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады •

    Kaspi.kz қосымшасында шетелдегі демалысқа тур сатып алу сервисі іске қосылды

    Kaspi.kz саяхатқа шыққанды ұнататындар үшін жаңа сервисті қосты. Енді Kaspi Travel бөлімінде ұнаған турды таңдап, сатып алуға болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. -қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

    Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе мұндай мүмкіндік туристер үшін қолайлы болатынын айтты.

    «Алдымызда жаз, демалыс кезеңі басталады. Біз жетекші туроператорлармен бірлесіп, тур таңдап, сатып алуға арналған жаңа cервисті қостық. Енді Kaspi.kz-пен ұшаққа билет пен т/ж билетін сатып алғандай, смартфоныңыздың экранынан турды да жеңіл әрі оңай сатып ала аласыз. Сүйікті клиенттерімізге жақсы әсерлерге толы саяхаттар тілейміз!», — деді ол

    Қазірдің өзінде БАӘ, Түркия мен Мысыр секілді туризмнің ең танымал бағыттары бойынша турлар бар. Әр турдың сипаттамасында суреттер, рейтинг, қонақтардың пікірлері мен дұрыс шешім қабылдауға қажетті басқа да көптеген маңызды ақпараттар көрсетілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →