Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды • Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты • Тоқаев мақұлдаған әскери реформа жоспары іске асырыла бастады • Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты • Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды • Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды • Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты • Тоқаев мақұлдаған әскери реформа жоспары іске асырыла бастады • Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты • Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды •

    Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды

    Ақтөбе облысында жұмыс кезінде өрттен ауыр күйік алған 46 жастағы теміржолшы Жұбандық Дүйсембаев қайтыс болды. Отбасы оқиғаның мән-жайын анықтауды талап етеді.

    Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды

    Сурет: Ашық дереккөз

    Ақтөбе облысында жұмыс барысында өрттен ауыр күйік алған 46 жастағы теміржолшы Жұбандық Дүйсембаев көз жұмды. Дәрігерлер оның өмірі үшін бір аптадан астам уақыт күресіп, алайда аман алып қала алмады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қайғылы оқиға 13 қазанда Шалқар ауданында «Қазақстан темір жолына» қарасты орман алқабында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі жұмысшыға көлемі 200 литрлік бөшкеде қалған АИ-92 маркалы бензинді төгу тапсырылған. Жанармайды бір ыдыстан екіншісіне құю кезінде кенеттен өрт шығып, екі жұмысшы да ауыр күйік алған.

    Ең көп зардап шеккен 46 жастағы Жұбандық Дүйсембаевтың денесінің 85 пайызы күйген. Ол ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдаған. Науқастарды емдеуге Астанадан мамандар да тартылғанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Марқұмның артында екі қызы қалды.

    Ал екінші жұмысшы — 23 жастағы азаматтың денесінің 40 пайызы күйген. Бастапқыда ол Ақтөбедегі аурухананың жансақтау бөлімінде емделген. Кейін санитарлық авиация арқылы Астанаға жеткізіліп, емін жалғастырған.

    Марқұмның отбасы оқиғаның мән-жайын анықтауды талап етіп отыр. Жұбандық Дүйсембаевтың қызының айтуынша, туыстары әкесінің зардап шеккенін бірнеше сағаттан кейін ғана білген. Оның сөзінше, әкесі жүргізуші болып жұмыс істеген және жанармай құю міндеті оның қызметіне кірмеуі керек болған.

    Қазір отбасы марқұмға мұндай жұмыстың не себепті тапсырылғанын және оқиға кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталған-сақталмағанын білгісі келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →