Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты
Ақмола облысындағы Астана – Атбасар – Жақсы автожолында Chery Arrizo 8 көлігі үш жол жұмысшысын қағып кетті. Бір жұмысшы қаза тапты, екеуі ауруханаға жатқызылды.
Фото: freepik
Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмып, екеуі ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 163-шақырымында Chery Arrizo 8 көлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде болған үш жұмысшыны қағып кеткен. Олардың үстінде жарық шағылыстыратын кеудеше болмаған. Жол апаты салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қайтыс болып, екеуі медициналық мекемеге жатқызылды», – делінген хабарламада.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.
