Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты •

    Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр

    Республика күніне орай 17-27 қазан аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр. Акцияларға 232 нысан «Republic Day», 417 нысан «Bereke Fest» аясында қатысуда.

    Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр

    Сурет: Видеодан скриншот

    17-27 қазан аралығында Қазақстанның барлық өңірлеріндегі сауда орталықтары мен сауда желілері азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға жеңілдіктер жасауда. Бұл Республика күніне орай ұйымдастырылған «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары аясында жүргізіліп жатыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Өңірлердің мәліметінше, маусымдық киім мен аяқкиім, азық-түлік, тұрмыстық химия, балаларға арналған тауарлар және тұрмыстық техника ерекше сұранысқа ие. Мерекелік акцияларға барлығы 649 сауда нысаны қосылды: оның 232-сі «Republic Day», 417-сі «Bereke Fest» акциясына қатысуда. Жеңілдік мөлшері сауда нысаны мен тауар санатына байланысты, жекелеген дүкендерде 50%-ға дейін жетеді.

    Акциялар кезінде сатып алушылар күзгі-қысқы киімге ерекше қызығушылық танытуда. Сұранысқа ие тауарлар қатарында маусымаралық күртелер, пальтолар, джинсы шалбарлар, жемпірлер, спорттық костюмдер мен аяқкиімдер бар. Мәселен, Алматыда маусымаралық күртелер 39 990 теңгенің орнына 25 990 теңгеге, джинсы шалбарлар 19 990 теңгенің орнына 13 990 теңгеге, ал балаларға арналған спорттық костюмдер 24 990 теңгенің орнына 13 740 теңгеге ұсынылуда.

    Астанада балалар күртелеріне 40%, парфюмерияға 40%, ал аяқкиімнің жекелеген үлгілеріне 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған. Қостанай облысында балалар күртелері мен комбинезондарының кейбір үлгілеріне, сондай-ақ парфюмерияға 50%-ға дейін жеңілдік жасалған. Атырау облысындағы сауда орталықтары киім, аяқкиім және аксессуарларға 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер ұсынып отыр. Шымкент қаласындағы сауда нысандарының мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда киім сатылымы 18%-ға, аяқкиім 16%-ға, ал аксессуарлар 15%-ға артқан.

    «Bereke Fest» акциясы аясында сатып алушылар азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды белсенді түрде сатып алуда. Өңірлердің мәліметінше, азық-түлік өнімдерінің ішінде күнбағыс майы, ұн, қант, жарма, сүт өнімдері мен жұмыртқаға сұраныс жоғары. Ұлытау облысындағы супермаркеттердің мәліметінше, акция кезінде сатылым көлемі 20%-ға артқан.

    Алматы облысында Magnum, Small және Toimart сауда желілерінде сүт өнімдеріне, макаронға, күнбағыс майына, кондитерлік өнімдерге және басқа да тауарларға жеңілдіктер қарастырылған. Өңір ұсынған мәліметке сәйкес, акцияға қатысушы сауда нысандарының орташа тауар айналымы 20–25%-ға өскен. Павлодар облысында сұранысқа ие азық-түлік тауарларының қатарында күнбағыс майы, қант, ұн, жұмыртқа, күріш және қарақұмық жармасы аталған, ал азық-түлік тауарларына жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді.

    Азық-түлікпен қатар сатып алушылар тұрмыстық химия, жеке гигиена құралдары мен балаларға арналған тауарларды да сатып алуда. Астанада кір жуғыш ұнтақтардың жекелеген түрлеріне 45%-ға дейін, кір жууға арналған гельдерге 32%-ға дейін, ал ыдыс жуғыш құралдарға 30%-ға дейін жеңілдік ұсынылуда. Шымкенттегі сауда нысандарының мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда жөргектердің сатылымы 25%-ға, балалар тағамы 30%-ға, сұйық сабын 15%-ға артқан. Қарағанды облысында да жекелеген тұрмыстық тауарлардың сатылымы өскен: кір жууға арналған гельдердің сатылымы 20%-ға, сұйық сабын 18%-ға ұлғайған.

    Сонымен қатар «Republic Day» акциясы аясында сатып алушылар тұрмыстық техникаға, электроникаға және үйге қажетті тауарларға қызығушылық танытуда. Алматы облысындағы сауда нысандарында тұрмыстық техниканың жекелеген түрлеріне 30%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

    «Republic Day» акциясы сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда орталықтары мен сауда үйлерін қамтыса, «Bereke Fest» акциясы сауда желілерінде өтеді. Мерекелік акцияларға қазақстандық маркетплейстер де қосылып, сатып алушыларға тауарлардың түрлі санаттары бойынша жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар әзірледі. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық акцияларды ұйымдастыру бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізуде.

    Мерекелік ұсыныстар 27 қазанды қоса алғанға дейін жүргізіледі. Жеңілдіктердің нақты мөлшері мен тауарлар тізімін акцияға қатысушы сауда нысандары белгілейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →