Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады • Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды • Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты • Тоқаев мақұлдаған әскери реформа жоспары іске асырыла бастады • Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты • Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады • Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды • Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты • Тоқаев мақұлдаған әскери реформа жоспары іске асырыла бастады • Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты • Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды •

    Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады

    Қазақстанда Қауіпсіздік кеңесі мақұлдаған Әскери реформа жоспары іске асырылуда: екі кезеңді мерзімді қызмет, әскери кеңесшілер институты, «Жас айбын» жүйесі және технологиялық жаңғырту.

    Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады

    Фото: Министерство обороны РК

    Қазақстанда Қауіпсіздік кеңесінің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен отырысында мақұлданған Әскери реформа жоспарын іске асыруға кірісті. Ауқымды өзгерістер Қарулы күштердің құрылымын, басқару жүйесін, әскерлерді даярлауды, әскери қызметті өткеру тәртібін және әскери қызметшілердің құқықтарын қорғауды қамтиды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мемлекет басшысы заманауи, жылдам әрі жоғары технологиялық армия құру міндетін қойып, қызмет қауіпсіздігіне, қолбасшылық мәдениетіне және мемлекеттік қаражатты ұтымды пайдалануға басымдық берді. Реформа Қарулы күштерді дамытудың негізгі бағыттарын: қорғаныс жоспарлауын, мобилизациялық даярлықты, резерв құруды және инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтиды.

    Армияны технологиялық қайта жарақтандыру отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытумен қатар жүреді. Басымдық ұшқышсыз жүйелерді өндіру мен енгізуге, оларға қарсы әрекет ету құралдарына, сондай-ақ цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектке беріледі. Әскерлердің даярлық сапасын арттыру және жаттығу шығындарын оңтайландыру үшін оқу процесіне ұрыс қимылдарын модельдеуге арналған симуляциялық бағдарламалар енгізіледі. Әскери қызметшілер жаңа тактика мен заманауи қару-жарақ үлгілерін ескере отырып, сенімді әрекеттерге үйретіледі.

    Басты жаңалықтардың бірі – мерзімді қызметтің екі кезеңді моделіне көшу:

    • Алғашқы 6 ай: жаңадан шақырылғандар оқу орталықтарында бейімделуден, базалық әскери және дене даярлығынан өтеді. Осы кезеңде сарбаздар тілдерді, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын, сондай-ақ әскери және сұранысқа ие азаматтық мамандықтарды меңгере алады.
    • Келесі 6 ай: әскери қызметшілер бөлімшелер құрамында практикалық даярлықты шыңдай отырып, тікелей әскери бөлімдерде қызметін жалғастырады.

    Бұл форматтың жекелеген элементтері «Sarbaz+» жобасы аясында сынақтан өткізілген. Екі кезеңді қызметтің пилоттық жобасын іске қосу 2027 жылға жоспарланған.

    Реформаның басымдықтарының қатарында әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау бар. Қазақстанда бөлімшелер қолбасшылығынан тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады. Олар сарбаздарға құқықтық және психологиялық қолдау көрсетіп, бұзушылықтарды анықтауға көмектесіп, олардың заңды мүдделерін қорғайды. Сонымен қатар казарма қорын жаңарту, полигондар мен оқу нысандарын жөндеу, жеке құрамды сапалы тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз ету жоспарланған.

    Өзгерістер жастарды даярлау жүйесіне де әсер етеді. 2027 жылдан бастап Қазақстанда «Жас айбын» әскери-патриоттық даярлығының бірыңғай жүйесі құрылып, ол «Жас Қыран», «Жас Ұлан» және «Жас Сарбаз» қозғалыстарын біріктіреді. Мектептерде бастапқы әскери даярлық күшейтіліп, жасөспірімдер қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына, алғашқы көмек көрсетуге және төтенше жағдайларда әрекет етуге үйретіледі.

    Жоспардың ұйымдастырушылық іс-шараларын жыл соңына дейін аяқтау, ал негізгі тұжырымдамалық өзгерістерді орта мерзімді перспективада іске асыру көзделген.

    Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, онда Әскери реформа жоспарының жобасы мақұлданған болатын. Мемлекет басшысы заманауи және жылдам армияны қысқа мерзімде құруды тапсырып, жартылай шешімдер қажетті нәтиже бермейтінін мәлімдеді. Отырыс барысында Ұшқышсыз күштердің құрылатыны, Әскери қызметшілер істері жөніндегі уәкіл институтының құрылатыны және Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйін кешенді тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын жыл соңына дейін аяқтау тапсырылғаны белгілі болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →