Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды •

    Ақтөбе облысында 2 жұмысшы кәріз құдығына уланып өлді

    Ақтөбе облысында 2 жұмысшы кәріз құдығына уланып өлді

    Фото: freepik.com

    Ақтөбе облысында екі адам кәріз құдығын тазалаймыз деп қаза тапты. Мұғалжар ауданында болған оқыс оқиғадан уланған тағы екі жұмысшы аудандық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаза тапқан екі ер адам да 1966 жылы туған. Жұмысшылар жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кетті.

    «Метан газымен уланған екі зардап шеккен адамды (1978 және 1971 жылы туған ер адамдар) 103 бригадасы Ембі аудандық ауруханасына жеткізді. Соматикалық бөлімшеге жатқызылды, дезинтоксикациялық терапия жүргізіледі. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Гемодинамика тұрақты», — деп атап өтті ведомствода.

    Полиция істі ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы, 4-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша тергеп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →