Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада велосипедші әйел жол-көлік оқиғасынан қаза тапты 31 тамызда Павлодар мен Ақтөбеде ауа сапасының нашарлауы күтіледі Қазақстанның 17 облысы мен екі қаласында дауылды ескерту жарияланды Алматы ипподромы қала меншігіне қайтарылды Исландия ЕО-ға кіру туралы келіссөздерді қайта бастауға қарсы дауыс берді Түркия мен Израиль СІМ-дері Ердоғанға қатысты сыннан кейін өткір мәлімдемелер алмасты Астанада велосипедші әйел жол-көлік оқиғасынан қаза тапты 31 тамызда Павлодар мен Ақтөбеде ауа сапасының нашарлауы күтіледі Қазақстанның 17 облысы мен екі қаласында дауылды ескерту жарияланды Алматы ипподромы қала меншігіне қайтарылды Исландия ЕО-ға кіру туралы келіссөздерді қайта бастауға қарсы дауыс берді Түркия мен Израиль СІМ-дері Ердоғанға қатысты сыннан кейін өткір мәлімдемелер алмасты

    Каспий теңізінде шаяндар жаппай қырылып жатыр

    Каспий теңізінде шаяндар жаппай қырылып жатыр

    Теңіз түбінде жиналып жатқан өлі шаяндарды тұрғындар байқаған. Осы оқиғаға қатысты экологтар алдын-ала болжам жасады. Сондай-ақ, сол аймақтан су сынамаларын алу үшін мамандарды жіберді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өлі шаяндар 4А шағын ауданға қарама-қарсы жағалаудан 500 метр қашықтықтан табылған.

    «Шаяндар өте көп, судың түбінде ұсақ балықтар да бар. Мүмкін зиянды бірдеңе төккен шығар», — дейді бейнежазбаны түсірген тұрғын.

    ESOMAR қауымдастығының өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов ұсақ балықтар мен шаяндардың өліміне теңізге зиянды заттардың төгілуі себеп болуы мүмкін деген болжам жасады.

    «Шаяндар бойынша маман емеспін, бірақ бейнежазбаға қарағанда, зиянды заттар рұқсатсыз төгілген болуы мүмкін. Бұл жерден судан және шаяндардан сынамалар алып талдау қажет», — деді эколог.

    Мамандардың пікірінше, судағы оттегінің жетіспеушілігі де шаяндардың жаппай қырылуына себеп болуы мүмкін. Мәселен, моторлы қайықтардың дыбыстарынан қорқып, балдырлардың астына түсіп, жаппай жиналғандықтан оттегі жетіспей өлу ықтималдығы да бар.

    Ал экология департаменті нақты себебін тексеру үшін судан сынамалар алатынын хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →