Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады •

    Жезқазғанда полиция көліктеріне күштеп отырғызған адам қайтыс болып кетті

    Жезқазғанда полиция көліктеріне күштеп отырғызған адам қайтыс болып кетті

    Жезқазғанда медициналық мекемеге сараптамадан өтуге кетіп бара жатқан ер адам полиция көлігінде көз жұмды. Бұл туралы Ұлытау облысының полиция департаменті хабарлады.

    Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 14 мамырда қала тұрғыны полицияға күйеуінің мас күйде жанжал шығарып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына барған учаскелік инспекторлар ер адамды медициналық мекемеге тексеру үшін алып бара жатқанда оның жағдайы күрт нашарлап кеткенін байқаған, көп ұзамай ол қайтыс болып кеткен.

    Сараптама қорытындысы бойынша, ер адам алкогольдік кардиомиопатия салдарынан жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған. Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    «Облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп, полиция қызметкерлерінің іс-әрекетінде заңбұзушылық болмағанын анықтады», — деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері. 

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →