Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді •

    Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды

    Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды

    Фото: Pixabay 

    Ақмола облысы аумағында «Алматы-Екатеринбор» трассасында екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 30 сәуірде «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1201 шақырымында Тасты және Қараменді батыр ауылдары арасында болған.

    Анықталғандай, «Audi A6» жеңіл көлігімен «ГАЗель» соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 35 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

    «Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынған. Сонымен бірге тиісті сараптамалар тағайындалды», — деп түсіндірді ведомстводан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →