Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Тағы да Ақтөбе: бұл жолы қалада қоңыз қаптады KyzdarNet арқылы жеңгетайлық ұйымдастырған топқа сот үкімі шықты Ернұр Мырзахмет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жеңіп алды «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарды бекітті Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Тағы да Ақтөбе: бұл жолы қалада қоңыз қаптады KyzdarNet арқылы жеңгетайлық ұйымдастырған топқа сот үкімі шықты Ернұр Мырзахмет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жеңіп алды «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарды бекітті Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде бананда паразиттер болуы мүмкін деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде бананда «кішкентай құрттар» болуы мүмкін деген жалған видео тарады, деп хабарлайды Stopfake.kz порталы.
Желіде тараған видеоның түпнұсқасы @mir_glazami_microscopa Tik Tok аккаунтында жарияланған. Роликке ешқандай пікір жазылмаған. Алайда бұл аккаунтта мағынасы жағынан ұқсас видео көп. Біреуінде автор жүгерінің собығынан «паразит» табады. Одан кейін оны пісіріп, ештеңе болмағандай жеп алады.
Тағы бір видеода шұжықтан жасыл бөлшектерді, талшықтарды және шығу тегі белгісіз элементтерді анықтайды. Шұжық туралы видеоның астында пікір жазылған. Мәтінде фейк туралы ашық айтылады.
Сондай-ақ парақшада жеміс пен көкөністе кездесетін құрттар туралы видеолар бар.
«Автордың «тәжірибе» қасақана бұрмаланғанын мойындағанын ескерсек, ол адамдарды алаңдату үшін құрттарды өзі салып, микроскоппен қараған деп пайымдауға болады. Яғни, бананан паразиттердің табылғанына ешқандай дәлел жоқ», — дейді Stopfake мамандары.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика