Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • Құрылтай жанынан жаңа кеңес құрылады: Мәслихаттар заң әзірлеуге қатысады • Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • Құрылтай жанынан жаңа кеңес құрылады: Мәслихаттар заң әзірлеуге қатысады • Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды •

    Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды

    Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды

    Фото: Pixabay

    2ГИС қосымшасында Шымкенттегі “Алтын Мерос” мейрамаханасына шағым түсіргендер мейрамханада 13 жастағы баланың көз жұмғаны туралы жазды. Қайғылы жағдай бірнеше ай бұрын болған. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

    Желідегілер Мирас деген жасөспірімнің мейрамханада көз жұмғанын, мейрамхана әкімшілігінің заңға сәйкес жұмыс істемейтінін, кәмелетке толмаған балаларға ауыр жұмыс істететінін жазған.

    “13 жастағы баламен болған қайғылы жағдай мекеме әкімшілігінің өз қызметкерлеріне немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Бәрін кездейсоқ жағдай деп түсіндіруге болар еді, алайда бейнебақылау камераларының болмауы бұл мекемеде қауіпсіздік талаптарының толық сақталмайтынын дәлелдейді. Егер олар кәмелетке толмаған балаларды жұмысқа ала отырып, жұмысын әрі қарай жалғастыра берсе, таңғалмаймын. Өйткені мұндай жерлерде дәл кәмелетке толмағандардан жұмысқа орналасуға сұраныс жоғары”, – деп жазды пікір қалдырғандардыі бірі.

    Болған жағдайға қатысты Шымкент полициясына сұрау жіберді. Полиция басқармасы 13 жастағы баланың жүрегі тоқтап қалғанын мәлімдеді.

    “Шымкент қаласындағы тойханалардың бірінде кәмелетке толмаған жасөспірімнің қайтыс болуына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Анықталғандай, жасөспірімнің өлімі ауруына байланысты болған”, – деп мәлімдеді полиция.

    Сонымен қатар полиция өкілі тексеру барысында анықталған еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша тойхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →