Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • 20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр • Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды • Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • 20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр • Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды •

    Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады

    Астанада автотұрақта бес көлік өртенді. Полиция алдын ала себебін электр сымдарының қысқа тұйықталуы деп атады. Бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

    Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады

    Сурет: t.me/qr_tjm

    Астанада автотұрақта бес көлік өртенді. Елорда Полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша көліктердің бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болған. Соның салдарынан өрт шыққан.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінде электр сымдары қысқа тұйықталып, өрт шыққан. Салдарынан төрт автокөлік толық жанып кетті, тағы бір көлік жартылай зақымданды», – деп хабарлады полиция.

    Оқиға кезінде бір адам зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілген. Бұған дейін зардап шеккен ер адамның өртенген көліктердің екеуінің иесі екені хабарланған.

    Қазір оқиғаның барлық мән-жайы, өрттің нақты себебі және келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →