Құрылтай жанынан жаңа кеңес құрылады: Мәслихаттар заң әзірлеуге қатысады
Фото: видеодан скрин
Құрылтай жанынан Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылмақ. Бұл туралы Құрылтайдың тиісті қаулысында айтылған.
Жаңа кеңестің негізгі мақсаты — өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар арасындағы байланысты күшейту. Сондай-ақ мәслихаттардың заң әзірлеуге қатысуына мүмкіндік беру және жергілікті мәселелер бойынша кері байланыс орнату көзделген. Кеңес құрамына Құрылтай депутаттары, мемлекеттік органдар мен саяси партиялардың өкілдері, сондай-ақ өңірлік мәслихат төрағалары кіреді.
Бұдан бөлек, өңірлермен байланысты үйлестіру үшін Құрылтайдың төрт депутатынан тұратын хатшылық құрылады.
