Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды • Назгүл Қарабалина жеке өмірі туралы сыр бөлісті • Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды • Назгүл Қарабалина жеке өмірі туралы сыр бөлісті • Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды •

    Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барып, Аваза қаласында Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысады.

    Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды

    Фото: Ақорда

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен аттанды. Мемлекет басшысы Түрікменстанның Аваза қаласына арнайы сапармен келді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

    Сапар 8-9 қазан күндері Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен өтеді.

    Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысады. Бұдан бөлек, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуы жоспарланған.

    Кездесулер барысында өңірлік ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және Каспий теңізінің экологиялық мәселелері талқыланады деп күтіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →