Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған

    Жамбыл облысындағы Қордай аудандық ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастың туыстары табылмаған, бейімдеу орталықтары қабылдаудан бас тартқан.

    Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған

    Сурет: Видеодан скриншот

    Жамбыл облысы Қордай аудандық ауруханасында жеке басы мен мекенжайы анықталмаған 60 жастағы әже бірнеше жылдан бері емделіп жатыр. Ауыр дертке шалдыққан кейуананың туыстары әлі күнге табылмаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатерлі ісік ауруына шалдыққан науқасты үш жылдан бері іздеп келген жан болмағанын айтады. Ал өңірдегі бейімдеу орталықтары құжаты жоқ қартты қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартқан.

    Аурухана қызметкерлері өз бетімен жүре алмайтын науқасты ауруханадан шығарып жіберуге батылы жетпеген. Қазір мұқтаж жан дәрігерлердің бақылауына алынған. Тіліне ептеп келе бастаған ол бұған дейін шаруа қожалығында мал баққанын айтқан.

    «КТК» телеарнасының дерегінше, денсаулығы сыр берген соң қараусыз қалған әйелді біреулер аурухана алдына әкеліп тастаған болуы мүмкін.

    «Науқастың туыстары мен жеке мәліметін табу мүмкін болмады. Еліміздегі ақпарат жүйесінен де ештеңе табылмады. Қазір науқасқа хирургия бөлімінде қажет ем-шарасы, күнделікті күтімі көрсетіліп жатыр. Оның жағдайы ауыр болғандықтан, біз оны ауруханадан шығарып жібере алмаймыз», — деді Қордай ауданы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Назгүл Тобышақова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →