Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада парковкада көлік өртенді, зардап шеккендер жоқ

    Астанада Есіл ауданындағы Сарайшық көшесіндегі парковкада автомобиль өртенді. Өрт сөндірушілер жалынды жедел ауыздықтады, зардап шеккендер жоқ.

    Астанада парковкада көлік өртенді, зардап шеккендер жоқ

    Сурет: newtimes.kz

    Астанада Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде орналасқан парковкада автомобиль өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Өрт сөндірушілер жалынды жедел ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Еске салайық, 6 қазан күні таңертең Астанадағы парковкада бес автомобиль өртенген болатын. Екі көліктің иесі оттан көлігін алып шығуға әрекеттеніп, ауыр күйіктермен реанимацияға түскен. Астана қаласының полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала деректер бойынша, өрт бір автомобильдегі электр сымдарының тұйықталуынан басталған. Салдарынан төрт көлік толығымен өртеніп, тағы біреуі ішінара зақымданған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →