Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды •

    Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетелдік барлау агенті ұсталды – ҰҚК

    Алдын ала тергеу барысында ер адам бұл істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады

    Фото: ҚР ҰҚК

    Шетел барлау агенті Мемлекет басшысы мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    25 наурызда ҰҚК қарсыбарлау қызметі Нұр-Сұлтан қаласында Президентке және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті «А» деген қазақстандықты ұстады.

    «Ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған. Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару кәсіби түрде жасырылып, Қазақстанға бөлшектермен әкелінген», — делінген хабарламада.

    Бұдан өзге, күдікті әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындағаны хабарланды.

    «Алдын ала тергеу барысында ер адам бұл істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады.Қазіргі кезде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 255-бабы 4-бөлігінде (Терроризм актісі) көзделген қылмысты жасау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр», — деді ҰҚК өкілдері.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →