Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады •

    Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен татуласып, Түркияда демалып жатыр

    Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен татуласып, қазіргі және бұрынғы әйелімен бірге Түркияда демалып жатыр. Желі қолданушылары бұл жаңалыққа әртүрлі пікір білдірді.

    Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен татуласып, Түркияда демалып жатыр

    Сурет: sn.kz

    Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен татуласып, қазіргі жарымен бірге Түркияда демалуда, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұл оқиға бірнеше жылға созылған сот дауынан кейін болды. Кәсіпкер бұрынғы және қазіргі әйелімен бірге Түркиядағы демалысының суреттерін әлеуметтік желіде жариялап, ел назарын аударды.

    Желіде тараған суреттерде Айсәуле Бақытбекқызы, Баянның отбасы және Алагөзовтың өзі бар. Бейнежазбада кәсіпкер бұрынғы әйеліне деген сүйіспеншілік танытып, олардың арасындағы жылы қарым-қатынас көрінеді.

    Бұрынғы жұбайлардың татуласып, бірге демалуы желі қолданушыларының әртүрлі пікірін тудырды. Кейбірі бұл әрекетті қолдаса, енді бірі түсінбеушілік білдірді. Оқырмандар: «Баянның ақылының асқандығы ғой», «Баянның түсінігіне рақмет!», «Не болып жатыр өзі?», «Жақында Баян екеуі құрбы болатын шығар», «Саналары өскен адамдардың іс-әрекеті», «Бәрінің басын қосыпты Баян», – деген пікірлер қалдырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →