Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді • Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді •

    Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды

    Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Сот оны үш ЖКО-ға қатысты деп тапты.

    Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды

    Фото: DAZN.COM

    Астанада бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұған дейін Kozachkov offside телеграм-арнасында боксшының Астанада екі жол-көлік оқиғасынан кейін ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Дереккөздің мәліметінше, Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі апат орнынан кетіп қалған, кейін оның мас екені анықталған.

    Полиция екі ЖКО фактісін, 35 жастағы жүргізушінің ұсталғанын және оның мас болғанын растады, бірақ есімін атамады. Қазір тексеру жүргізіліп, нәтижесінде жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

    Сот материалдары бойынша, ол үш жол-көлік оқиғасына қатысқан: жер асты тұрағының қақпа тіреуіне соғылған; Kia Sportage көлігімен соқтығысқан; соның салдарынан Kia Toyota Hilux-қа барып соғылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →