Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес •

    Елдеріміздің тарихы мен рухани құндылықтары ортақ – Тоқаев

    Елдеріміздің тарихы мен рухани құндылықтары ортақ – Тоқаев

    Фото: Ақорда

    Қазақ-түрік екіжақты қарым-қатынасы кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып жатыр. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 6-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    — Сізді түбі бір түркі жұртының темірқазығы — Ұлы дала төрінде қарсы алу зор мәртебе. Түркия біз үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес. Елдеріміздің тарихы мен рухани құндылықтары ортақ. Тамыры терең байланыстарымыз бүгінде халықтарымыздың мызғымас достығын одан ары нығайтуға ықпал етіп отыр. Қазіргі таңда қазақ-түрік екіжақты қарым-қатынасы кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып жатыр. Елдеріміздің арасында ешқандай түйткіл жоқ. – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға қарата.

    Президенттің айтуынша, мемлектаралық және үкіметаралық байланыстар нығайып келеді. Парламентаралық ықпалдастық та жоғары деңгейде. Түрік делегациясының құрамында бір топ депутаттың және партия мүшелерінің болуы соның айқын дәлелі.

    — Сонымен қатар екі елдің экономикалық ынтымақтастығы күшейе түсті. Түркия ірі инветорларымыздың қатарына кіреді. Осы уақытқа дейін Сіздің еліңізден экономикамызға 6 млрд доллар инвестиция тартылды. Қазақстанның Түркияға салған инвестициясы да өсіп, 2,5 млрд долларға жуықтады. Сондай-ақ түрік елі негізгі сауда серіктестігіміздің бірі. Қос халықтың мәдени-гуманитарлық байланыстары қарым-қатынастармыздың алтын арқауы саналады. Біз осы игі үрдісті сақтап, өзара ықпалдастығымыздың аясын кеңейте беруге мүдделіміз, — деді Мемлекет басшысы.

    Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →