«Кәсіпорынның 50 жылдығына орай»: Тұрсын Алагөзов тағы да пәтер таратты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлерін қуантатын жаңалықпен бөлісті. Кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойына орай зауыт ұжымына 50 пәтер табысталмақ. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Бұл туралы продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде жазып, қуанышын жасырмады.

«ШСЗ қызметкерлеріне тағы 50 пәтер – аңызға айналған кәсіпорынның 50 жылдығына орай! Мен сенімен қатты мақтанамын, жаным», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Шымкент сыра зауыты – еліміздегі тарихы терең өндіріс орындарының бірі. Ал бұл бастама кәсіпорын қызметкерлеріне көрсетілген ерекше қолдау ретінде бағаланып отыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика