Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Алдағы екі жылда Алматыда қытай автомобильдері шығарыла бастайды

    Алматыда экономиканы сапалы дамыту мақсатында жыл сайын 10% деңгейдегі өсіммен инвестициялар тарту жоспарлануда. 2024 жылы 1,8 трлн. теңге, 2025 жылы – 2,1 трлн. теңге. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

    «2023 жылға 2019 жылға қарай инвестицияның 239% деңгейінде өсуі көзделген, яғни 2022 жылға қарай 20,6%-ға өсу. Бұл ретте 2024 жылы инвестицияның өсуі 2019 жылға қарай – 176%, яғни 2023 жылға қарай 26,4%-ға төмендеді. ҰЭМ Алматы үшін 2023 жылға 1 850 млрд. теңге деңгейінде және 2024 жылға 2 185 млрд. теңге деңгейінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша нысаналы индикатор айқындалды. Бұл 2 жыл ішінде 47,4%-ға өсуді болжайды, ал ҚР бойынша жалпы өсім 37,8%-ды құрайды. Алдағы 2 жылда 456 млрд. теңге сомасына 38 инвестициялық жоба іске асырылып, ауданы 88 мың м2 18 МПП енгізілетін болады» — деп атап өтті басқарма.

    Кемінде 220 мың авто өндірісі бар автокластерді қалыптастыру шеңберінде жобалық қуаты 170 мың автомобильге дейінгі 2 жаңа автозауытты іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде – қытайлық «Changan», «Chery», «Haval» брендтерінің мультибрендтік зауыты – жылына 90 мың авто және «Orbis Manufacturing» зауыты-жылына 80 мың авто. ИЗА-ны 194 гектарға кеңейту 2025-2026 жылдары 230 млрд. теңге сомасына қосымша 7 ірі жобаны іске асыруға мүмкіндік береді. ШОБ жобалары басым бағыттарда 45 млрд. теңгеден кем емес сомаға жыл сайын қолдау алады. Осы шаралардың арқасында мегаполис экономикасының өсуі 2025 жылы 6,5%-ға дейін жеделдете отырып, 2024 жылы 5,5% деңгейінде болады деп болжанады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →