Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Астанада балағат сөз айтқан стендап-комикке 86 500 теңге айыппұл салынды

    Астанада стендап-комик сахнада балағат сөз айтқаны үшін 86 500 теңге айыппұл төлейтін болды. Сот оның кінәсін мойындағанын ескеріп, қамауға алмады.

    Астанада балағат сөз айтқан стендап-комикке 86 500 теңге айыппұл салынды

    Фото: freepik

    Астанада өнер көрсету барысында балағат сөз қолданған стендап-комикке 86 500 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы MadeniPortal.kz хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сот мәліметінше, әртіс дөрекі сөздерімен көрермендерге құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Істі қарау кезінде оның сахнадағы сөздері жазылған бейнежазба дәлел ретінде ұсынылған.

    Комик кінәсін мойындап, өкініш білдірген. Ол соттан өзін қамауға алмауды сұраған. Сот бұл өтінішті ескеріп, оған 20 АЕК мөлшерінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салған.

    Әртістің аты-жөні жарияланған жоқ. Сот құжатында ол «азамат Қ.» деп көрсетілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →