Павлодарда 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіт түрмеде өлі табылды
Фото: Halyqstan
Павлодар облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде 20 жастағы сотталушының мәйіті табылды. Ол кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін 12 жылға сотталған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты Halyqstan Telegram арнасына сілтеме жасап.
Оқиғаға қатысты мәліметтер 2025 жылдан басталады. Сол кезде 19 жастағы жігіт Instagram желісі арқылы 15 жастағы мектеп оқушысымен танысқан. Біраз уақыт хат алмасқаннан кейін олар қыздың үйінде кездескен.
Кейін екеуінің арасындағы жыныстық қатынас туралы қыздың анасы біліп, құқық қорғау органдарына арызданған.
Halyqstan арнасының мәліметінше, жастардың қарым-қатынасы өзара келісіммен болған. Алайда Қазақстан заңнамасы 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салады.
2026 жылдың сәуірінде сот жігітті 12 жылға бас бостандығынан айырған. Арада бірнеше ай өткен соң оның жазасын өтеп жатқан мекемеде көз жұмғаны белгілі болды.
Павлодар облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің алдын ала мәліметінше, сотталушы өзіне қол жұмсауы мүмкін. Қазіргі уақытта оның өлімінің нақты себебі анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
