Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Әкімдік депутат пен Қытай азаматшасына қатысты іске түсінік берді

    Түркістан облысы әкімдігі депутат Ерғали Аманбаевқа қатысты іс бойынша ресми түсінік беріп, Қытай азаматтарының инвестор еместігін мәлімдеді.

    Әкімдік депутат пен Қытай азаматшасына қатысты іске түсінік берді

    Сурет: qumash.kz

    Түркістан облысының әкімдігі Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаевқа қатысты тергеуге байланысты ресми түсінік берді. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралған хабарламаларға байланысты айтылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Хабарламаларда Қытай азаматтары өңірге инвестор ретінде келген деп мәлімденген. Осы ақпарат бойынша, депутат делегацияны қарсы алып, кейін Қытай азаматшаларының біріне қатысты қылмыс жасаған.

    Әкімдік аталған шетел азаматтарының ресми инвестор мәртебесі жоқ екенін мәлімдеді. Олар Түркістан облысындағы инвестициялық жобаларға қатысушы ретінде тіркелмеген. «Сондықтан оларға «инвестор» деген анықтаманы қолдану ресми деректерге сәйкес келмейді. Қолда бар ақпарат бойынша, олар өңірге жеке ізденіспен келген және жергілікті атқарушы органдар сүйемелдейтін инвесторлар тізімінде жоқ», – делінген хабарламада.

    Бұған дейін Түркістан облысы полиция департаменті депутат Ерғали Аманбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растаған болатын. Күдікті ұсталып, күзетке алынды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады. Қылмыстық істің басқа мәліметтері тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →