Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті •

    «Сендерге не болған?!»: әнші Бүркіт қазақстандықтарға деген ренішін ашық айтты (ВИДЕО)

    «Сендерге не болған?!»: әнші Бүркіт қазақстандықтарға деген ренішін ашық айтты (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скриншот

    Бүркіт деген лақап атпен танылған әнші Айбек Сейітов шыдамсыз адамдарды сабырлы болуға, айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    Өнер иесінің айтуынша бүгінде халық қатыгез болып кеткен.

    «Балаңды, туған-туысқаныңды жолдан түсіретін кезде көлік қоятын орын болмай қалады. Екінші қатарға тұрып, біреуге кедергі болып қаласың. Әрі кетсе 10-15 секунд. Сол кезде артыңнан келіп, психикалық ауруға шалдыққан адам секілді сигнал береді. Шошып кетесің. Кішкене алға жүресің. Күте тұрыңыз десең, айналып келіп, терезеден басын шығарып, ұрысқысы келіп, көзі аларып тұрады. Масқара ғой! Сабырлық деген қайда?», — дейді Айбек Сейітов.

    Ол адамдардың бір-біріне құрмет көрсетпейтініне налыды.

    «Сендерге не болған, адамдар?! Кішкене сабырлы болу керек қой. Бір-біріңді сыйласаңдаршы. Ондайда не істейсің? Жымиып қарайсың да қоясың», — деп түйіндеді әнші.

    Желі қолданушылары Бүркіттің өте өзекті мәселені көтергенін айтып жатыр.

    «Дұрыс айтасың бауырым, адамдардың жүзі суық», «Дұрыс айтады! Бұндай жағдай бәрімізде кездеседі! Бүркіт, осы мәселені көтергеніңіз үшін рахмет айтамын!», «Иә, сабыр етпейді, сұмдық енді, айта берсең таусылмайды…», — деп жазды олар.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Бүркіттің әйелі жайлы айтқан сөзі желіде қызу талқыланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →